Жол апатынан бір үйдің екі баласы қаза тапты

фото: Zakon.kz.

Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ірі жол-көлік оқиғасы болған.  Atyrauoil.official басылымының мәліметінше, елді мекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Апат салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

"26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.