Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр

Фото: ІІМ

 

Кентау қаласында 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы жоғалып кетті. Ол 9 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына хабарлауды сұрайды.