Цифрлық теңгеге қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

фото: polisia.kz

Қазақстанда цифрлық теңгеге инвестиция салуға шақыратын жалған ұсыныстар көбейген. Ұлттық банк мәліметінше, алаяқтар «жоғары табыс» және «мемлекеттік қолдау» уәделерімен азаматтарды алдап, жалған сайттар мен платформалар арқылы ақша салуға итермелейді.

Сондай-ақ табыс өсіп жатқандай көрінетін «жеке кабинет» жасап, жалған көрініс ұсынады.

Ұлттық банк цифрлық теңге инвестиция құралы емес, тек ұлттық валютаның цифрлық нысаны әрі заңды төлем құралы екенін ескертеді.