Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп өндірісіне роботтарды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол машина жасау саласында инновацияны дамытудың басты бағыттарының бірі – өндірісті роботтандыру екенін атап өтті.
Қазір елімізде өнеркәсіптік роботтар тығыздығы 10 мың жұмысшыға шаққанда шамамен 7 бірлікке тең. Бұл әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен едәуір төмен көрсеткіш.
«Осыған байланысты өндірісте роботтандыруды дамыту және кадр тапшылығын азайту мақсатында цифрлық шешімдерді енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Олардың ішіне автоматтандырылған өндірісті басқару жүйесі, деректерді талдау, жасанды интеллект, цифрлық платформалар, сондай-ақ өнеркәсіптік роботтар мен машиналық көру жүйелері бар»,- деді Ерсайын Нағаспаев.
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы еліміздегі өндріс ощақтарында FANUC және ABB роботтарын қоса есептегенде үш жүзден астам робот орнатылған. Мәселен, KIA Qazaqstan зауытында 68 робот, Astana Motors-та 54 робот жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, «Digital Kazakhstan» жалпыұлттық стратегиясы аясында экономика салаларын роботтандыру бойынша жобалық офис құру жоспарлануда.