Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында ҚР Жаңа Конституциясында бекітілген нормалар аясында инновацияны дамыту мәселесі қаралып жатыр.
«Жаңа Конституция білім, ғылым және инновация құндылықтары мемлекет қызметінің конституциялық қағидаты ретінде танылып отыр»,— деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Жиында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндама жасайды.