Жетісу облысында ер адам досын жұрт көзінше пышақтап кеткен

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2026

Талдықорғанның қақ ортасында ер адам танысын пышақтап кетті. Алдын ала болжам бойынша өзара таныс адамдар сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Сол сәтте біреуі пышақ алып шығып, екіншісіне сұғып алған. Салдарынан жәбірленуші жан тапсырды. Күдікті қашып кеткен. Алайда, полиция оны жақын маңайдан ұстап, қолға түсірді.  Қылмыстық іс қозғалды.

САПАР БАУЫРЖАН. ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жанжал барысында пышақ жарақаты салынып, ол алған жарақатынан көз жұмды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізін суытпай күдікті анықталып ұсталынды. Қазіргі уақытта сотқа дейін тергеу жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда.