Оралда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады. Ішінде 24 бала болған. Полиция дерегінше, қоғамдық көлік жылдамдығын тежей алмай, бағдаршамда тұрған мектеп автобусына соқтығысқан. Ол алда тұрған жеңіл көлікті түйіпті.
Соққының күшті болғаны соншалық, балалардың барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер үшеуінің миы шайқалып, зақым алғанын мәлімдеді. Қалған оқушылар үйіне жіберілді.
ЕРНАР СҰЛТАНҒАЛИЕВ, БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері барлық мән-жай анықтағасын, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.