Алматы облысында пойыз жолаушылар отырған автобусқа соғылды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2026

Алматы облысында пойыз ішінде жолаушылары бар автобусқа соғылды. Апат салдарынан қоғамдық көліктегі 6 адам зардап шекті. Полицияның хабарлауынша, автобус жүргізушісі асығамын деп тоқтау белгісін елемей рельске шығып кеткен.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлері Алматы — Боралдай — Шамалған ст. автожолындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасын жасаған маршруттық автобустың жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру жүргізілуде.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, медициналық мекемеге жеткізілген. Ауыр жарақат алғандар жоқ.

АҚНИЕТ ТАЙБАҒАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық науқастар қабылдау бөлімі деңгейінде толық медициналық тексерістен өткізіліп, кеңес берілді. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық стационарлық емге көрсеткіші жоқ болуына байланысты тұрғылықты мекен-жайы бойынша амбулаторлы емге жолданды.