Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар алдағы жекпе-жектерін қай күндері өткізетіні белгілі болды.
Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады. Онда еліміздің атынан барлығы 20 боксшы (ерлер - 10, әйелдер -10) аттанды. Қазір олардың арасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Ал бүгін, 1 сәуірде Оразбек Асылқұлов (60 келі) филиппиндік Поль Басконды жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Іріктеу кезеңі
- 2 сәуір
65 келі: Ертуған Зейнуллинов – Ю Линь (Тайбэй)
Ширек финал
- 3 сәуір
70 келі: Төрехан Сабырхан – Ким Юн Су (Оңтүстік Корея) мен Шамшер Саидов (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы
55 келі: Махмұд Сабырхан – Махди Альмасалех (Иордания) пен Шахзод Музафаров (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы
- 4 сәуір
65 келі: Лаура Есенкелді – Боро Анкушита (Үндістан)
50 келі. Санжар Тәшкенбай – Баглан Ергешов (Қырғызстан) пен Вишванат Суреш (Үндістан) жұбының жеңімпазы
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Бекнур Хали (Моңғолия) мен Арман Маханов (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы
- 5 сәуір
48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
75 келі: Валентина Хальзова – Суен Сон (Оңтүстік Корея)
75 келі: Сабыржан Ақалықов – Яги Талга (Жапония)
80 келі: Ерасыл Жақпеков – Сагын Сатыбалды (Қырғызстан) мен Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы
Жартылай финал
- 6 сәуір
70 келі: Бақыт Сейдіш – Суджин Сон (Оңтүстік Корея) мен Алимире Абудурейиму (Қытай) жұбының жеңімпазы
80 келі: Надежда Рябец – Пуджа Рани (Үндістан)
80 келі: Дина Исламбекова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
- 7 сәуір
85 келі: Нұрбек Оралбай – Барлаахан Дору (Моңғолия) мен Мохаммад Сулейман (Иордания) жұбының жеңімпазы.
Құрлықтық додада 9 сәуірде әйелдер, 10 сәуірде ерлер арасында финалдық бәсекелер өтеді.