Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 532 240 адам болып, жыл басынан бері 32 мыңнан астам адамға артты.
2026 жылдың басында елде 20 499 822 адам тұрған.
1 наурыздағы жағдай бойынша қала халқының саны 13 120 922 адамға жетсе, ауыл халқы 7 411 318 адам болды. Бұл ретте қала тұрғындарының саны жыл басымен салыстырғанда артқан. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша қалаларда 13 085 110 қазақстандық, ал ауылдарда 7 414 712 адам тұрған.
Ең көп халық Алматы қаласында — 2 354 736 адам, Түркістан облысында — 2 146 739 және Астана қаласында — 1 655 369 адам шоғырланған. Ал ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген — 218 596 адам.