Түркістан облысында әкесін сабаған жігіттің жаза мерзімі ұзартылды. Шардара ауданының 41 жастағы тұрғыны Алмас Садақбаевқа бұған дейін Жетісай аудандық сотының судьясы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Садақбаевқа қатысты бірінші сатылы соттың шығарған үкіміне, прокуратураның келтірген апелляциялық өтініш хаты қаралып, жаза мерзімі түпкілікті 6 жылға ұзартылды. Мемлекеттік айыптаушы Садақбаевтың тарапынан жасалған қылмыс, қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі болғанын, жәбірленушінің дәрменсіз күйдегі адам екенін пайдаланып, оны қинау арқылы ұдайы ұрып-соғу жолымен тән зардабын және психикалық зардабын шегуге ұшыратуы, жәбірленушінің қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, жерлеу әрекетін жасағаны үшін жаза мөлшерін ұлғайтуға толық негіз бар деп тапқан. Қаулы заңды күшіне енді.