Көлік салығын төлемегендердің банк шотына шектеу қойылады

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2026

2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі бүгін аяқталды. Ертеңнен бастап берешегі бар азаматтарға өсімпұл есептеле бастайды. Ал қарызы 157 мың теңгеден асқан жағдайда, борышкерлерге елден шығуға шектеу қойылуы мүмкін.

Биыл көлік салығы 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш негізінде есептелді. Берешегі бар азаматтар10 мамырға дейін төлемесе, банк шоттары мен мүлкіне шектеу қойылады. Көлік иелерінің басым бөлігі соңғы күнді күтпестен, наурыз айында-ақ есеп айырысқан. Десе де, халық арасында салық мөлшері мен жазалау шараларына қатысты пікір әртүрлі.

БЛИЦ:

- Мен 26 март төледім. Кешіктірсең штраф болады деп жатыр, счеттарды бұғаттаймыз деп жатыр. Әрине оған келіспейміз. Кейбіреуінің уақыты болмай қалады төлеуге налогты.

- Претензия жоқ. Кешіктірмеуге тырысамыз.

- Мен төлей алдым да. Кейбіреуі айтады көп шығып жатыр, штрафтарды көбейтіп жатыр

- Кешіксе пения болатын шығар. Мен заранее төлеп тастадым. 12 800, 1,6 объем

Биыл 3 миллионнан астам адамның телефонына арнайы хабарлама жіберілген. Бүгінге дейін бюджетке 85 миллиард теңге түскен. Жалпы 26 миллиард теңгеге жуық салық төленуі тиіс. Берешегін кешіктіргендерге заң қатал.

ҰЛДАНА СҮЛЕЙМЕН, ҚР ҚМ МКК ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ХАТШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, ол мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушысына жолданады. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға, оның ішінде банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сонымен қатар, берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда, азаматтың Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

2026 жылдан бастап тозығы жеткен көліктерге жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 10-нан 20 жылға дейінгі көліктерге 0,7, ал 20 жылдан асқан темір тұлпарларға 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бірақ бұл жеңілдіктің нәтижесін салық төлеушілер тек 2027 жылғы төлем кезінде қолдана алады.