Астанада түрік клиникасының кеңсесі ашылды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2026

Нейрохирургия, онкология және трансплантология. Бұл - медицинаның ең күрделі әрі жауапты салалары. Мұнда қателікке жол жоқ, тек дәлдік пен жоғары технология керек. Осы талаптың үдесінен шығып, әлемдік рейтингте алдыңғы қатардан көрінген ACIBADEM клиникасы Астанадан кеңсесін ашты.

Медицинада шекара жоқ. Бүгінде отандық пациенттер әлемдік стандартқа сай ем алу үшін алысқа бармай-ақ, тиісті кеңес пен көмекті жедел ала алады. Әсіресе, Түркияның жетекші клиникаларының бірі ACIBADEM қазақстандықтар үшін қолжетімді бола түсті. Елордада клиниканың жаңа филиалы ашылды. Әлем бойынша емхананың құрамында 29 клиника, 15 медициналық орталық пен жеке университеті бар.

ЛАУРА ӨМІРБАЕВА, ACIBADEM КЛИНИКАСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Пациент бізге алғаш жүгінген сәтте тиісті құжаттарды рәсімдеп, ACIBADEM клиникасының жетекші мамандарынан тегін «екінші медициналық пікір» алуға жолдаймыз. Түркиялық дәрігерлер құжаттарды мұқият зерттеп, өз қорытындылары мен емдеу тактикасын ұсынады. Егер пациент ары қарай ACIBADEM клиникасында емделуге шешім қабылдаса, құжаттарды әзірлеуге көмектесіп, мамандарға қабылдауға жазамыз, сондай-ақ трансфер мен аудармашы қызметін ұйымдастыруды өз жауапкершілігімізге аламыз.

Шетелдік емхана тек жайлы сервис емес, ең алдымен - бірегей технологиялар мен күрделі оталардың орталығы. Озық медицинаның мүмкіндігі бүгінде адам өмірін сақтап қалудың жаңа деңгейіне көтерілген. Клиниканың емдеу тәсілдері де өзгеше.

ИЛЬЯС БЕНВЕНИСТЕ, ACIBADEM КЛИНИКАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Біз медицинаның барлық саласында, әсіресе онкология, нейрохирургия, ортопедия және трансплантологияда ең заманауи технологияларды ұсынамыз. Бүйрек, бауыр және жілік майын ауыстыру сияқты трансплантацияның барлық түрін жасаймыз. Жоғары технологиялық қызметтерден бастап, барлық медициналық бағытты қамтимыз.

Түркиядағы медициналық туризмнің деңгейін тек мамандар емес, сол ортаны өз көзімен көрген отандастарымыз да жоғары бағалап отыр. Заманауи жабдықтар мен науқасқа деген ерекше күтім - әлемдік деңгейдегі клиниканың басты қолтаңбасы. Өнер иесі де мұндағы сапаға тәнті болғанын жасырмайды.

БЕРІК ТҰРСЫНБЕКОВ, АКТЕР:

Зу-зу Күлпәштің бір сериясында ACIBADEM-ді түсірдік Турцияға Стамбулға барып. Өз көзімізбен көрдік ол жақтағы қызмет жасау, ол жақтағы сервисті, әлемдік деңгейдегі емханалардың қандай болатынын. Дүниенің түкпір-түкпірінен келіп, емделіп жатыр.

Осылайша, медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастық сапалы ем іздеген жандарға жаңа мүмкіндіктер сыйлауда. Айта кетейік, ACIBADEM бұған дейін Алматы, Шымкент қалаларында ашылған.