Той кортежі бірден 15 айыппұл арқалады

Фото: видеодан алынған скрин

Батыс Қазақстан облысында Ақсай-Шыңғырлау автожолында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзған үйлену тойының кортежін тоқтатты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, жүргізушілер мен жолаушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бірнеше Toyota Camry, ВАЗ-2110, Volkswagen және BMW автокөліктері айып тұрағына қойылды.

— Тексеру барысында көлік салонынан тыс жолаушы тасымалдау, қозғалыс кезінде жолаушының көліктен тыс болуы, тиісті түрде тіркелмеген көлікті басқару, заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды. Барлығы 15 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, тиісті шаралар қабылданды, — деп хабарлады ведомстводан.