Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының символы ретінде бекітілді

Фото: ДКО халықаралық хатшылығы

Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми тұмары ретінде бекітілді. Биылғы ауқымды дода Қырғызстанда өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қар барысы елдің мәдениетімен тығыз байланысты. Ол көшпенділер рухын, күш-қуатты, дәстүрге беріктікті білдіреді. Негізгі жарыстар Ыстықкөлде өтеді.

Биылғы ойындарға 100-ден астам елден 3000-нан аса спортшы қатысады.