Индонезияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

Фото Depositphotos.com

Индонезияның Тернате аралы маңындағы Молукка теңізінде 7,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ресми мәліметке сәйкес, Солтүстік Сулавесиде 70 жастағы әйел ғимарат қалдықтарының астында қалып қаза болған.

Аймақ сейсмикалық белсенділігімен белгілі болғанымен, жергілікті тұрғындар бұл соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі болғанын айтады.