Семейде адам саудасымен айналысқан «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана 6 жылға сотталды. Ол базарлар мен вокзалдардан әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тауып, сеніміне кіріп, кейін оларды шаруа қожалықтарына 100-400 мың теңгеге сатқан.
Айыпталушы кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеді.