Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралуда

фото: polisia.kz

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр, онда қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады. Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады.

Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қауіпін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді.

Жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды. Осыдан кейін азаматтарға “мамандар” немесе “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі.

Салдарынан алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі. Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады.

Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге тырысады.