Жүкті әйелдерге арналған жәрдемақыны заңсыз рәсімдеген бухгалтер сотталды

Ақтауда жүкті әйелдерге арналған жәрдемақыны рәсімдеген бухгалтер сотталды. Маман әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Адам тарту үшін Instagram арқылы өзін жарнамалап, көмек көлемін арттыруға көмектесуге уәде берген. Осылайша 146 млн теңге пайда табады. Оған үш бөлмелі пәтер сатып алған. Сот оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал баспана мемлекет кірісіне тәркіленді.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындап, заңды еңбек қатынастары бар деген жалған көрініс қалыптастырған.