Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала табылды

Қарағанды облысында  жоғалып кеткен бала табылды. 13 жастағы жеткіншекті еріктілер тапты. Жеткіншек жолдан адасып иен далада жалғыз өзі түнеп шығыпты. 

Өткен түн Бибарыс үшін өте ауыр болған.  Бала қатты қорқып қалған.  Кеше ол түстен кейін екі досымен бірге Қарабас кентіне бармақшы болады. Алайда кешірек ойынан айнып өз бетімен төте жолмен үйіне қайтуға әрекеттенген. Ал достары велосипедпен Қарабасқа кетіп қалады. Бибарыс иен далада бағытынан шатасып соңғы рет кешкі 6 да анасына хабарласып көмек сұраған. Ата- анасы түн ортасына дейін іздеп, ақыры өздері таппаған соң полицияға хабарласқан. Баланы Төтенше жағдай министрлігінің тікұшағы , полиция, жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен туған- туыстары бірлесіп іздеді. Ақыры бүгін түстен кейін оны еріктілердің бірі Абай қаласынан 15 шақырым қашықтағы Дубовка ауылының маңайынан тапты. Бала аман. Алайда қатты қалжырап қалған. Бұл туралы оның анасы айтты.

АЙЖАН МАКИШЕВА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Түнде далада жатқан бала, обезвоженный, аузы бәрі нетіп кеткен. Бетінде үсік бар.Далада футболкамен жаттым деді , еще спортивкасын жоғалтып алған. Қорыққан, просыпался и ұйықтап қайта просыпался. Тоңған ғой  футболкасын жамылып жатқан. Шөлдегеннен шалшық су ішкен.