НАСА 54 жылдан кейін Айға ғарышкерлерді жіберді

54 жылдан кейін алғаш рет адам Айға ұшты. НАСА Артемида 2 деп аталатын миссияны Флорида штатынан ұшырды. Дегенмен, ғарыш кемесі ай бетіне қонбай, Жер серігін айналып өтеді. 10 күнге созылатын сапар сәтті аяқталса, көп ұзатпай АҚШ ғарыш агенттігі Ай бетіне де, Марс ғаламшарына адам аяғын басқызбақ. Айды айналып өтуге 4 ғарышкер жіберілді. Экипаж 3 америкалық және бір канадалықтан құралған. Ол – кәсіби ұшқыш Джереми Хансен. Айға ұшқан өз елінің алғашқы өкілі болмақ. Айта кетейік, бұл кеме жерден емес, экипаж қолымен басқарылады.