Үш адамның өмірін жалмаған жол апатынан соң Алматыға әр өңірден полиция қызметкерлері тартылып жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы тексеріс жүргізуде. Күдікті әлі ауруханада. Әзірге қылмыстық іс қозғалып, бірқатар басшы қызметінен босатылды. Дегенмен тәртіп сақшыларының мегаполиске жаппай ағылуына қайғылы жағдайдың тікелей қатысы жоқ, - деді министрлік өкілі.
БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл енді біздің плановая отработка дейміз ғой. Ондай жұмыстарды біз Астанада да істейміз. Басқа да өңірлерде істейміз. Енді қазіргі кезде Алматыда жүмыс атқарылып жатыр. Біріншіден жол ережесін бұзғандарға және қоғамдық тәртіпті бақылауға жіберілген.