Енді табысыңыздан шығыныңыз көп болса 10 пайыз салық төлейсіз! Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Бұдан былай ай сайын жарататын ақшаңыз айлығыңыздан көп болып кетсе оны дәлелдеу міндетті. Мәселен, банк шотына бір айда 400 мың теңге түсіп, дәл сол шоттан 700 мың шығын шықса, оның себебін дәлелдеуіңіз тиіс. Әйтпесе мемлекет салық салуы мүмкін.
ҰЛДАНА СҮЛЕЙМЕН, ҚР ҚМ МКК ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ХАТШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Алшақтықтар анықталған кезде салық төлеушіге салық агенттігіне бақылау нәтижелесі бойынша анықталған алшақтықтар туралы ұсынылады. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды. Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеушінің салық агенттігінің анықталған бұзушылықтарды, анықталған бұзушылықтар жататын кезең бойынша салықтық есептілікті ұсынады.