Еліміздегі аутизм орталықтарының нәтижесі қандай?

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2026

Бүгінде елімізде аутизм спектрі бұзылған 13 мыңнан астам бала тіркелген және олардың ата-аналары күнделікті ауыр сынақтармен бетпе-бет келіп отыр. Мемлекеттік тегін оңалту орталықтары аз болғандықтан, отбасылар қажетті курстарға жазылу үшін айлап, тіпті жылдап кезек күтуге мәжбүр. Сапалы түзету терапияларының құны айына 400 000 теңгеге дейін жететіндіктен, бұл қарапайым халық үшін үлкен қаржылық салмақ салып отыр. Көбіне аналар жұмысын тастап, бала күтіміне толық ауысқандықтан, отбасылар тек бір адамның табысына қарап қалып, тұрмыстық қиындықтарға тап болады. Созылмалы ұйқысыздық пен баланың болашағына деген алаңдаушылық ата-аналарды физикалық және моральдық тұрғыдан қатты қажытады. Осы күрделі мәселелерді шешу мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 9 мамандандырылған орталық ашып, мыңдаған жеткіншекке тегін кәсіби көмек ұсынып отыр

РАХИЯ ИСАБЕКОВА, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Әлибаева Жансаяны мен осы 21 инклюзивті мектепке 21 жылы апардым. Оның алдында үйде оқыды, 5 сыныпқа дейін үйде оқытылды. Тұйық болған, кейін осы арнай мектепке барып, ашылып, білім алып, ортаға ашылып, ортаға үйреніп мықты дәрежеге жеткізіп, қазіргі сәтте мықты сахнаға шығамыз. Биге өлеңге барлық іс шараларға қатысып керемет нәтижеге жетудеміз.