«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыағашқа ағаш егілді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2026

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы шаралар Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында да жалғасты. Бүгін аудан орталығында «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті. Іс-шараға аудан жастары, еріктілер, қоғам белсенділері қатысты. Жиналғандар  Жастар аллеясының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау және өңірді көгалдандыру мақсатында қылқанжапырақты ағаш көшеттерін екті. Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ағаш егу акциясы табиғатты қорғау ісіне үлес қосып қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға, туған жерді көркейтуге және жасыл желекті көбейтуге мүмкіндік береді дейді жастар.

СЫМБАТ СҮЛЕЙМЕН, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Жалпы бұл Жасыл аймақ дамыса осы қаламыздың өкпесі де ашылады деген ойдамын. Бүгінгі шарада егілген әрбір тал болашақ ұрпағымызға аманат деп білемін.