197 млн теңге: Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Фото: Видеодан алынған скрин

Күдіктілер өздерін шетелде электросамокаттарды жалға беретін халықаралық компания ретінде таныстырып, азаматтарды инвестиция салуға тартқан.

Салым көлемі 350-ден 20 мың долларға дейін жетіп, тәулігіне 12–690 доллар табыс уәде етілген. Нәтижесінде 115 адамнан 197 млн теңгеден астам қаржы жиналған. Қаражат криптоәмияндар арқылы айналымға шығарылып, кейін банк шоттарына аударылған. Олар бұл ақшаға 3 автокөлік сатып алған.

Сот үкімімен айыпталушылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.