Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі таңда EPS жүйесіне қосылу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, қазақстандықтардың еңбек құқықтары қорғалып, әлеуметтік кепілдіктер беріледі. Сонымен қатар заңсыз көші-қон деңгейі төмендеуі мүмкін.

Оңтүстік Кореядан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Сауд Арабиясы, Жапония және бірқатар Еуропа елдерімен де осы бағытта келіссөздер жүргізілуде. Ал Катар елімен 2025 жылдан бастап ортақ меморандум бар.