Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Фото: әлеуметтік желіден

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» тасжолының 20-шақырымында еріген су салдарынан су өткізу құбыры зақымданып, жол төсемін су шайып кетті.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта учаске мердігердің қарауында. Жақын арада уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр.

Жолды қалпына келтіру жұмыстары су толық өткеннен кейін басталады.