Алматыда жыл басынан бері көз ауруымен ауыратын 181 балаға операция жасалды

фото: pixabay

Алматыда жыл басынан бері көз ауруымен ауыратын 181 балаға ота жасалды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Жыл басынан бері көз ауруларымен ауыратын 700-ден астам науқас ем қабылдаған. Оның ішінде 181 балаға хирургиялық ота жасалды.

Операциялар заманауи құрал-жабдықтармен жүргізіліп, орта есеппен 25-35 минутқа созылады.