Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады

фото: gov.kz

Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.

Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.

Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.

Жобаның негізгі мақсаты - боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.