Тұрғын үй өртеніп, 13 адам эвакуацияланды

фото: pixabay

 

Петропавл қаласындағы Астана көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінің балконында өрт болды. 

Өрттің аумағы -10 шаршы метр. ТЖД бөлімшелерінің күшімен баспалдақ маршы арқылы 13 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.

Өрт жедел түрде оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.