115 адамнан 197 млн теңге жымқырған: Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2026

Ақтөбеде «Harmony Rider Technology» деп аталған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шықты. 115 адамнан 197 млн теңгеден астам қаражат жинаған қылмыстық топ 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 2024 жылы бір топ азамат өзін шетелден электросамокат әкеліп, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырған.    Салымшыларға уәде етілген табыс жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен төленіп отырған. Азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер ұйымдастырған. Тіпті заңды компания кейпін көрсету үшін қалада арнайы кеңсе  жалға алыпты. Жобаға салынған қаржы көлемі -350-ден 20 мың АҚШ доллары шамасында.  Ал уәде етілген күнделікті табыс 12-ден 690 доллар аралығында.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қаражатты заңдастыру үшін олар крипто әмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шорттарына аударып отырған. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылған. Осы қаражатқа ұйымдастырушылар 3 автокөлік сатып алып, оның бірін туысының атына рәсімдеген. Сот үкімімен ұйымдастырушыларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот шешімімен 3 автокөлік мемлекеет кірісіне тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.