Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады . Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты.

Биыл Азия ойындары 19 қыркүйек - 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Ойында спортшылар 43 спорт түрінен 438 медальға таласады.

Ұлттық құраманы жасақтауда спортшылар халықаралық жарыстардағы нәтижелерге негізделе отырып, ашық және әділ іріктеуден өтеді.