Таиландта қазақстандық әйел заңсыз жұмыс істегені үшін ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2026

Жұмыс іздеп барып, темір тордан бір-ақ шықты. Таиландтың Пхукет аралында Қазақстан азаматшасы заңсыз еңбек еткені үшін ұсталды. Жергілікті полицияның мәліметінше, отандасымыз тиісті рұқсат қағазынсыз балабақшада қызмет көрсетіп келген. Сондай-ақ рейд барысында Ресейдің төрт, АҚШ-тың бір азаматы ұсталған. Қазіргі таңда сот отырысы өтіп, оның шешімімен ұсталған әйелдер өз елдеріне депортацияланатын болды. Әйелдер жұмыс істеген Litti Kids халықаралық балабақшасы орыс тілінде сөйлейтін балаларға арналған. Қазір мекеме жабық.