Алматыда тұрғындардың есін алған қыздар елден шығарылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2026

Алматыда тұрғындарға тас лақтырған тәжікстандық жеткіншектер елден қуылуы мүмкін. Шетелдік жасөспірімдердің бұзақылығы  түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда қыздардың топтасып алып, өткен-кеткеннің бәріне тиіскені, дәмханаларға баса-көктеп кіріп, адамдардың мазасын алғаны көрінеді. Олар көбіне қыздар мен әйелдерге қысым жасаған. Жеке заттарын ұрлап, тіпті күш қолданыпты. Жеткіншек қыздар жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жайғастырылды. Ал олардың ата-анасы  уақытша қабылдап тарату орталығына қамалған.  Араларында Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің азаматтары бар. Енді оларды Қазақстаннан депортациялау мәселесі қаралып жатыр.