Qyzyljar Creative Center резиденті брейкингтен 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына квота иеленді

фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының креативтік хабының резиденті Айзара Жұмабекова 2026 жылы Дакарда брейкингтен өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында квота жеңіп алды.

Жарыстар 12–13 қараша күндері өтеді. Айзара Жұмабекова Qyzyljar Creative Center базасында дайындалады және жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан атынан өнер көрсететін 18 спортшының бірі болды.

Әлем бойынша жалпы саны 12 лицензия сарапқа салынып, спортшылар бір жарым жыл бойы лицензиялық сайыстарда рейтингтік ұпайлар жинады.

Бұған дейін, 2024 жылы Париждегі Олимпиадаға тағы бір солтүстікқазақстандық брейк-данс орындаушысы Амир Закиров қатысқан болатын.

Жасөспірімдер Олимпиадасынан бұрын Айзара 2–3 қазан күндері Қазақстан атынан ересектер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетеді, ал 29 қарашада Канададағы Әлем чемпионатына қатысады.