Алматыда екі күнде екі мыңнан астам тұрғын көлігінен айырылды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2026

Алматыда 2 мыңнан астам адам көлігінен айырылды. Полицейлер жол ережесін өрескел бұзғандарға осындай қатаң шара қабылдап жатыр. Құзырлы органның хабарлауынша, темір тұлпарсыз қалғандардың көбі рөлге жүргізуші куәлігінсіз немесе мас күйде отырған. 15 мас жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ елде тіркелмеген автокөліктер де бар. Жалпы екі күн ішінде полиция 5 мыңға жуық заңға қайшы әрекетті анықтады. Қалада тәртіпті күшейту шаралары жалғасуда. Алматыдағы заңбұзушылықтарды анықтау жұмысына өзге өңірлерден келген полицейлер де жұмылдырылған.