1 шілдеден бастап электронды самокаттарды 18 жасқа толғандар ғана жүргізеді

1 шілдеден бастап электронды самокаттарды 18 жасқа толғандар ғана жүргізеді. Ал автожолдардың оң жағымен қозғалу үшін жүргізуші куәлігі болуы міндетті. Аталған қозғалыс құралына жауапты операторларға да талап күшеймек. Бұған – самокатшылардан төнетін қауіптің жыл сайын артуы себеп. 

Елордада электронды самокат саны 10 мыңнан асты. Оның 8 мыңын жұрт белсенді қолданады. Дәл осы қозғалыс құралының қатысуымен былтыр 45 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 50 адам зардап шекті. Күн жылып, көшедегі қозғалыс сапырылысқан сайын қауіп одан сайын артады, -дейді тәртіп сақшылары.

БАУЫРЖАН ТОҚЖҰМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Ең жиі кездесетіндері бір самокатты екі адам болып жүру, жаяу жүргіншілер өткелінен түспей өту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың элтросамокаттарды пайдалануы. Аталған құқықбұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал етеді. 

Бір темірге екі-үшеулеп мініп алу үйреншікті жағдайға айналған. Ғашықтар үшін бұл тіпті – романтика. Ең сорақысы – рөлдегі мектеп оқушыларының жылдамдықты асырып, жарысуы. Зардап шегетін – көбіне  бейқам кетіп бара жатқан  жаяу жүргіншілер.

БЛИЦ:

- Арнайы жол салынса оларға. Сол дұрыс болады. Себебі жолда кетіп бара жатқан қауіпті да қағып кетеді олар.  Сондай жағдай көп болып жатыр ғой.

- Я сама против. Потому что сама пробовала на них ездит. Скорость вешенная. Он, во-первых, тяжелой, не каждый сможет с ним управлять.

- Өзімді бір бала уклонмен келе жатып соғып кете жаздады. Әрең былай қашып үлгердім.

- Бөлек жол жасасаңыз қажеті жоқ оның. Сол жақта бәрі шектеледі. +Қытайда жасайды ғой самопедтардың жүретін жолдары бөлек.

Енді әр самокатқа жеке тіркеу номері беріледі. Ереже бұзғандарды полиция бұрынғыдай қуалап әуре болмайды. Сергек жүйесі автоматты түрде жаза басқандарды анықтайды. Бұл цифрлық шешім жол-көлік оқиғаларын азайтып, кикшеринг мәдениетін қалыптастырады.

МАХАМБЕТ ТӨЛЕШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жүргізушілер қорғаныш шлемін киюге және қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерді пайдалануға міндетті. Бұл талаптарды сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал самокаттарды басқару құқығы жоқ тұлғаларға пайдалануға берген операторларға жауапкершілік қарастырылады. Операторлар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талабы белгіленеді.

Электронды самокатпен жүретін жол нақты регламенттелген. Қолданыстағы ережеге сәйкес, олар велосипед жолағымен жүруге құқылы. Ал мұндай инфрақұрылым болмаса, жолдың оң жақ шетімен, соның ішінде қоғамдық көлікке арналған жолақпен бір бағытта қозғалуына рұқсат.