Қызылжарда "АМАNАТ" партиясының қолдауымен республикалық командалық айтыс өтті

Қызылжарда АМАNАТ партиясының қолдауымен республикалық командалық айтыс өтті. «Қызыр қонған Қызылжар» атты жыр додасында Солтүстік Қазақстан өңірі мен Алматы облысының командалары өзара бақ сынасты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: сүре, түре, қайым, қыз бен жігіт айтыстары, жыр, терме, күйі және дәстүрлі ән. Бір жарым жылға созылатын игі іс-шара төрт айналымнан тұрады. 20 команда әр кезеңде олимпиадалық жүйе арқылы өзара сынға түсіп, келесі айналымға тек озықтары шықпақ. Айтысты жүргізуші Аманжол Әлтайдың айтуынша,  биыл   ұйымдастырушылар сәл өзгеріс енгізген.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірнеше түзетулер енгіздік. Біз қазылар алқасында әрбір жанр бойынша өзінің майталман маманы баға береді. Мысалы ретінде әншіге әнші баға береді, күйшіге күйші баға береді. Басқа саланың маманы баға бере алмайды. Сондықтан да оның мойнында жауапкершілігі үлкен.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Бұның негізгі мақсаты - бес өнерді бір қамбаға түйістіре отырып, қазақтың ұлттық болмысын көрсету, қазақтың бай мұрасын, жоғалып кеткен әндерді, күйлерді, жырларды қайтадан жарыққа алып шығу. Сонымен бірге өңірлерде тасада жүрген айтыскер ақындар бар шықпай қалған. Осы командалық айтыс оларға да мүмкіндік береді.