9–11 сынып оқушылары бір күнде ЖИ-жобалар жасайды: Алматыда «AI Talents Almaty Hackathon» өтті

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2026

Қазақстандық оқушылар бар-жоғы бір тәулік ішінде жасанды интеллект жобасын әзірледі. Алматылық 9 және 11 сыныпта оқитын балалар мобильді қосымшалар мен аналитикалық сервистер жасап, өз идеяларын іске асырмақ. Жастар ғылыми жұмысын биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған  айти мамандары сайысында таныстырды. Бұл іс-шара оқушылардың бағдарламалау, деректермен жұмыс істеу және жасанды интеллект негізінде өнім әзірлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Былтыр байқауға шамамен 700 оқушы қатысса, биыл қатысушылар саны мыңға жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді.

ИСЛАМ МЕҢЛІБАЙ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Жалпы бұл оқушыларға жақсы мүмкіндік. Өйткені оның алдында біз жарты жыл бойы «фул стейк» бағдарнламасымен оларды оқытқанбыз. Осы хакатонда бұлар жақсы мүмкіндік өздерін көрсетуге.

Негізгі бағдарламадан бөлек, қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, сарапшылардың баяндамалары өткізілді. Сондщай-ақ университеттер мен IT-компаниялардың қатысуымен көрме аймағы ұйымдастырылды. Хакатон қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтар мен жоба серіктестерінен қосымша мүмкіндіктерге ие болады.

МҰСТАФА КАМАЛОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Осы жасанды интеллект саласында достарыммен бірге өзіміздің бағымызды сынап, жаңа нәрселерге үйреніп, көп адамдармен өзара жақсы қарым-қатынас орнатуға келдік. Дос балаларыммен ақылдасып, жобамызды алсақ. Жақсылап жұмыс жасап, бірінші орынға деп отырмыз.