Медицина қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтық қоңыраулар көбейген

фото: pixabay

Медицина қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтық қоңыраулар көбейген. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға күмәнді қоңыраулардан сақ болуды ескертеді.

Алаяқтар өздерін емхана қызметкерлері ретінде таныстырып, әсіресе егде жастағы адамдардан жеке дерек пен қаржылық ақпаратты алуға тырысады. Ал шын мәнінде дәрігердің қабылдауына жазылу үшін тек аты-жөніңізді растау жеткілікті. Ешқандай растау коды талап етілмейді.