ТЖМ құтқарушылары жарылыстың алдын алды

Фото: malim.kz

Қонаев қаласындағы Заря Қапшағай саяжай алқабында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері жеке тұрған сарайдың жанғанын және өрттің көршілес үйдің шатырына таралғанын анықтады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарып, жарылу қаупін және жағдайдың ушығуын болдырмады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Шығу себебі анықталуда.