Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.

90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айбек Оралбай ширек финалда Өзбекстан спортшысы Арман Махановпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша Айбек төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Оразбек Асылқұлов қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты тікелей жартылай финалға өтті. Ал 65 келіге дейінгі салмақтағы Ертуған Зейнуллинов финалға шығу үшін бақ сынайды. Өкінішке қарай Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) мен Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын ерте аяқтады.