Құбыр шығаратын зауыттан өрт шықты

ТЖМ

Талдықорғанда шыныпластик құбыр шығаратын зауыт аумағында өрт болды.

 Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде зауыт цехында диаметрі 2 метр, ұзындығы 15 метр болатын, шынымақтамен қапталған үш құбыр жанып жатқаны анықталған.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың шайыр ерітіндісі құйылған, жарылыс қаупі жоғары бөшкелерге таралуына жол берілген жоқ. Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.