Ақмола облысында су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

govkz

Су басу қаупі бар елді мекендерге ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылы мен «42 разъезд» станциясында су деңгейі мен су тасқыны жағдайының дамуына үздіксіз бақылау ұйымдастырылған.

Мониторинг ТЖМ басшылығымен жүргізілді. Жедел қызметтер су айдындарының, гидротехникалық құрылыстардың және өзен арналарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Су басудың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта гидрологиялық жағдай тұрақты.

Жағдай тұрақты бақылауда, мониторинг жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.