Семей қаласындағы бутиктегі өрт сөндірілді

ТЖМ

Семей қаласы, Найманбаев көшесі бойындағы базардың үшінші қабатындағы киім бутигінде өрт шықты.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында от шағын алаңда сөндірілді. Келушілер мен қызметкерлер өрт сөндірушілердің келуіне дейін өздігінен ғимараттан шықты.

Зардап шеккендер жоқ.