Египет астанасы Каир қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының 4-кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді.
1-орын. Гамлет Манукян (Армения) – 14.800
2-орын. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566
3-орын. Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.566
Ертең қазақстандықтар финалдық кезеңдерде медаль үшін күресті жалғастырады. Алтынхан Темірбек пен Асан Салимов тіреніп секіруде өнер көрсетсе, Ілияс Азизов кермедегі жаттығуда бақ сынайды.
Айта кетейік, Каирдегі Әлем кубогы кезеңіне 30 елден 70 спортшы қатысып жатыр.