Нөсер жаңбыр жауады

ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың көптеген облысында жауын-шашын болады. Әсіресе, батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр күтілуде.

Елдің батысы мен оңтүстігінде бұршақ жауып, қатты жел соғуы ықтимал. Күндіз еліміздің батыс бөлігінде шаңды дауыл соғады. 

Сондай-ақ, республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің бірнеше облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар қызметі мен синоптиктер Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде, сонымен қатар Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында қауіптің жоғары екенін атап өтті. Бұл тізімде Қызылорда, Алматы,  Жетісу, Қарағанды және Абай облыстары да бар.