Баланың аяғы қысылып қалды

фото скрин

112 жедел қызмет пультіне Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі жеке тұрғын үйде 5 жастағы баланың аяғы жылыту радиаторына қысылып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері дереу жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында баланың аяғы сәтті шығарылды.

Балаға дер кезінде көмек көрсетілді, медициналық көмек қажет болмады.