Ақтөбе – Астрахань жолында жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: Скриншот

Республикалық маңызы бар Ақтөбе – Астрахань жолының 843-шақырымында, яғни Құрманғазы ауданының орталығынан 20 шақырым жерде Toyota Prado мен Toyota Camry көліктері соқтығысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды тексеріп, жол-көлік оқиғасының себебін анықтап жатыр.